Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 қаңтар 2025

166

Жаңалықтар

«АЛИ-ЖАС и К» КӘСІПОРНЫНДА КЕЗЕКТІ АУДИТ

2024 жылдың қараша айында ЖШС «АЛИ-ЖАС и К» «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Бұл сертификат кәсіпорынның азық-түлік өнімдері мен қызметтерінің шариғат талаптары мен халал стандарттарына толық сәйкес келетінін растайды.

Қазіргі уақытта ЖШС «АЛИ-ЖАС и К» тау-кен саласындағы ірі кәсіпорындар – ЖШС «Восход-Oriel» және ЖШС «Восход Хром» мекемелерінің қызметкерлерін сапалы және қауіпсіз тағаммен қамтамасыз етумен айналысады. Компания өз қызметінде жоғары сапа мен сенімділікті басты орынға қойып, адал еңбек етуде. 2025 жылдың қаңтар айында ЖШС «АЛИ-ЖАС и К» қызметіне жоспарлы аудит жүргізілді. Аудитті жергілікті технолог Ақмаржан Ержанқызы Хромтау ауданы, Дөң ауылының маңындағы «Восход» ірі өндірістік аймағында орналасқан кәсіпорында жүзеге асырды.

Аудит барысында технолог өндіріс барысын, тағам дайындау мен қызмет көрсету сапасын жан-жақты тексерді. Нәтижесінде, ЖШС «АЛИ-ЖАС и К» ұйымының барлық талаптар мен стандарттарға толық сәйкес келетіні анықталды.

Бөлісу: