«ALL OF BURGER» ЖӘНЕ «MAX PLOV» ТЕКСЕРІЛДІ
БҚО облысындағы «ALL of Burger» және «Max Plov» дәмханалары тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын халалдың жергілікті өкілі Асхат Асылбеков орындады.
«Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарт талаптарын сақтай отырып өнім өндіруі, сақтауы, тасымалдауы, сатуы толықтай қадағаланды. Өндіріс барысында санитарлық тазалықтың орындалуы да назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал жөнінде кішігірім семинар өткізіліп, халал өнім технологиясының ерекшеліктері мен маңызы, адалдық таңбасы – «QMDB Halal» белгісіне адал қызмет ету насихатталды»,– дейді өкіліміз.