АЛМАТЫ: 4 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Алматы қаласындағы бірқатар кәсіпорындарға сертификат табыстады. Атап айтқанда, «Мясной двор» ет дүкені, «Shecker» кондитерслік цехы, «EAT & FIT» тамақтану орны, «Vitality lux», «Perfecto lux» емдік-профилактикалық өнімдері сертификатталды.
«Аталған кәсіпорындар аумағында мамандар тарапынан тиісті аудит шаралары жүргізіліп, тексерістің оң қорытындысынан кейін ғана сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды. Алдағы уақытта сертификатталған кәсіпорындарда аудит шаралары міндетті түрде орындалып тұрады», – деді Айбек Асқарбекұлы.