АЛМАТЫ Қ.: 6 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы қаласындағы «Аброй Групп» және «Nur-Mak.ko» шұжық өндірісі, «Waffle», «Del Cappuccino», «Master coffee» тамақтану орындары, «Asatu» кондитерлік цехы халал стандартына сай сертификатталды. Әр кәсіптің басын ұстаған белді кәсіпкерлер жергілікті өкілдікке жиналып, ресми түрде «QMDB Halal» сертификаты табысталды.
Кәсіпкерлерге халал сертификатын табыстаған жергілікті өкіліміз Ерлан Тайлақов: «Адалдықтың анық белгісі – «QMDB Halal» сертификаты сенім мен тазалықтың символы іспеттес. Күллі мұсылманның сенімі артылған халал сертификаттарыңыз құтты да, берекелі болсын! Кәсіптеріңіз өрлеп, істеріңіз дами бергей! Алдағы уақытта тұрақты аудит жұмыстарын орындап, бірлескен жұмыстарымызды жалғастырамыз деп сенемін!», – деді.