
АЛМАТЫ: 6 КӘСІПОРЫН СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы қаласындағы «Daumak» тағамдық қоспалары, «Syrniki» кондитерлік өнімдері, «One kids» емдік-профилактиклық өнімдері, «Сама лепила» және «Наурыз-фуд» жартылай фабрикаттары, «Алани» дәмханасы сертификатталды. Сертификатты Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан мен «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Өміржан Тұрсыналыұлы табыстады.
Сертификат табыстау рәсімінде сөз алған бас имам Төлеби Дәділұлы халал өнімнің маңыздылығына тоқталып, тұтынушылардың сенімі мен денсаулығы үшін жүргізілетін бақылау жұмыстарының жауапкершілігі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол кәсіпорын иелерін адал әрі сапалы өнім өндіру жолындағы еңбектері үшін алғысын білдіріп, игі істеріне береке тіледі.
Өмірзақ Тұрсынәлиұлы да өз сөзінде халал стандарттарын ұстанудың тек шариғат талабы ғана емес, сонымен қатар өндірушінің адалдығын көрсететін белгі екенін айтты. Ол Алматы қаласындағы халал сертификатталған кәсіпорындар санының артып келе жатқанын айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.