Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 маусым 2023

170

Жаңалықтар

Алматы қаласы мен Алматы облысында сертификаттаудан өткен құс фабрикалары тексерілді

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы бастаған мамандар Алматы қаласы мен Алматы облысында сертификаттаудан өткен кәсіпорындарды тексеру мақсатымен арнайы іссапарда. Бас маман Сафиев Данияр, технолог Кабыкенов Нұрбек және Алматы облысы бойынша жауапты өкіл Жұмабеков Жанәбіл фабрикаларда жоспарлы бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Жергілікті құс фабрикаларында тексеру қадағалау шаралары жүргізілді. Атап айтқанда «Прима құс», «Нұрлы Құс», «Алатау-құс», «Алель Агро», «Aiser», «Qaz ak Kus» және «Сарыбұлақ құс» фабрикалары.  

Тексеріс барысында бекітілген шариғат және стандарт талаптарының сақталуы мен орындалуы қадағаланды.

Бақылау барысында құс азығының рұқсат етілген, таза болуы, сулы ванна температурасының стандартқа сәйкес келуі, құсты тек «Бисмиллаһ» айтып, қолмен бауыздау, бауыздағаннан кейін стандарт талаптарына сай бекітілген қан ағызу ережелерінің орындалуы басты назарға алынды.

 Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарының орындалуы толықтай ескерілді.

Өндіріс аймағының санитарлық тазалығы да тексерілді.

Айбек Асқарбекұлы айтылған ескертулерді жедел түрде түзету керектігін, бекітілген мерзімде жүзеге аспаған жағдайда  сертификат күші жойылатындығын жеткізіп, ескертулердің орындалуын жергілікті өкіл Жанәбіл Жұмабековке тапсырды.

Бөлісу: