Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

01 ақпан 2023

43

Жаңалықтар

Алматы қаласы: насихат, оқу-ағарту жұмыстары жүргізілді

«Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан өңірдегі мешіттерде жергілікті жамағат пен имамдарға заңсыз сертификатты пайдалану туралы кезекті оқу-семинарын өткізді.

Алматы аймағы «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған ең көп кәсіпорын шоғырланған аймақ. Бұл жергілікті өкіл тарапынан жүргізілген насихат, оқу-ағарту жұмыстарының нәтижесі мен халық сұранысы көптігінің көрінісі. Семинар барысында шариғатымыздағы «Халал және харам» тақырыбына кеңінен тарқатып, халал өнім өндіру технологиясының ерекешеліктері, сертификаттау және стандарттау, аудит процесстерінің жүргізілуіне тоқталып өтті. Оқу-семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Халал – бұл жәй ғана таңба емес, халал – өмір сүру әдеті. Халал – имандылық пен ізгіліктің, құлшылықтың бастауы. Алла ішкен-жегенімізге мән беріп, пайдалы білім алуды және білімімізге амал етуді нәсіп етсін», – деді жергілікті өкіл.

Бөлісу: