Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 қараша 2022

99

Жаңалықтар

Алматы қаласы: «QMDB Halal» белгісін заңсыз қолдану мәселесі бойынша жиналыс өтті

Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан Алматы қаласының 8-ауданың бақлаушыларымен жиналыс өткізді.

«QMDB Halal» белгісіне ие кәсіпорындар көп орналасқан аймақтың бірі – Алматы қаласы. Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша 150-ден аса кәсіпорын «Халал Даму» бақылауында. Олар қоғамдық тамақтану орындары, кондитерлік дүкендер, шұжық цехы, сүт және май өнімдері, сусын, ұн өндірісі, қасапхана, ет дүкендері, тағамдық қоспалар, балмұздақ т.б түрлі өндіріс салаларын қамтитын кәсіпорындар. Алайда, халық сұранысы мен тұтынушылар талабына сай өңірдегі халал өндіріс орындарын арттыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Осы орайда Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан жыл қорытындысын жасап заңсыз «QMDB Halal» белгісін қолдану мәселесін қозғаған. «Халал Дамудың» Сонымен қатар, жергілікті өкіліміз Чадаев Маратхан және технолог Әселхан Сыдық тұрақты түрде үгіт-насихат жұмыстарын, ақпараттандыру шараларын жүргізіп, өңірдегі «QMDB Halal» таңбасын заңсыз пайдаланушы кәсіпорындарға тиімді шаралар жүргізіп, жақсы нәтижелер көрсетуде.




Бөлісу: