ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА "ХАЛАЛ - ШАРИҒАТ ТАЛАБЫ" АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕР ӨТТІ
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің жыл басында бекіткен жоспарына сәйкес, Халал Даму директоры Айбек Асқарбекұлы және технолог мамандардың қатысуымен "Нұр-Мубарак" университетінде, "Үшқоңыр", "Әбу Ханифа" медресе-колледждерінде арнайы семинар-тренингтер өтті.
Халал Даму директоры Айбек Асқарбекұлының төрағалығымен өткізілген оқыту шараларына Алматы қаласының, Алматы облысының Бас имамдары Төлеби Дәділұлы мен Мадияр Тағайбайұлы және оқу орнының басшылығы да қатысты.
Оқу-семинарлар барысында шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы жөнінде түсіндірген Айбек Асқарбекұлы: «Алла Тағала адамзат баласына көл-көсір нығметтер беріп, жер бетіндегі халал мен харам нәрселердің ара жігін ажыратып көрсеткен. Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына тікелей байланысты», – деп халалдың салмағы мен маңызы жөнінде түсіндірді.
«Отбасы үшін ас даярлайтын да, азық-түлік таңдайтын да, балардың тамағына жауапты да әйел адамдары болғандықтан халал турасында мағлұматының болғаны нәзік жандыларға аса маңызды. Адал астың адам рухына, денсаулығына, құлшылығына тигізер ықпалы мол. Халал астың маңызы жөнінде аяттар мен хадистер де бар. Дұғамыздың қабыл болуы, деніміздің сау болуы, ұрпағымыздың ұлағатты болуы жеген асымыздың адал болуына байланысты», – дегенАйжан Омарова.
Халал өнім өндіру технологиясы мен стандарт талаптары, «QMDB Halal» сертификатының артықшылығы мен ерекшелігі, зертханалық тексерістің маңыздылығы, тағамдық қоспалардың өндірісі жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, қатысушылар сұрақтарына жауап беріліпді.
Оқу орындары басшылығы тарапынан шәкірттердің білімін жетілдіруге арнайы уақыт бөлгендеріңізге және мүфтияттың атқарып жатқан игі істеріне ризашылығын жеткізілді. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.