Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 желтоқсан 2025

21

Жаңалықтар

АСТАНАДАҒЫ ШҰЖЫҚ ЦЕХТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Астана қаласындағы «Ясмин» және «Тұлпар Элит» шұжық цехтарында аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Нұрбек Қанатұлы орындады.

Аудит барысында өндірістік нысандардың халал талаптарына сәйкестігі кешенді түрде бағаланды. Атап айтқанда, пайдаланылатын шикізаттың шығу тегі мен құжаттары, еттің сақталу және өңделу шарттары, қолданылатын қоспалар мен ингредиенттердің халалдығы, сондай-ақ өндірістегі тазалық пен санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы тексерілді.

Сонымен бірге, қызметкерлердің халал стандарттары бойынша біліктілігі, өндірістік процестердің халал талаптарына сәйкестігі де қаралды.  Аудит қорытындысы бойынша кәсіпорындарға халал стандарттарын одан әрі жетілдіру, ішкі бақылау жүйесін күшейту және тұтынушылардың сенімін арттыруға бағытталған әдістемелік кеңестер ұсынылды. Мұндай жоспарлы тексерулер халал өнімнің сапасы мен адалдығын тұрақты түрде қамтамасыз етуге ықпал етеді.



Бөлісу: