Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

08 ақпан 2023

35

Жаңалықтар

Алматы қаласы: «Трапеза» кондитерлік өнімдері тексерілуде

«Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан және технолог Сыдық Әселхан «QMDB Halal» стандартына сәйкес сертификатын жаңартуға ниет білдірген, «Трапеза» кондитерлік өнімдерін өндіруші кәсіпорнда тексеріс жұмыстарын жүргізуде.

 «Серчиди Лариса Геннадиевна» жеке кәсіпкерлігінің иелігіндегі "Трапеза" сауда белгісімен
100-ден аса наубайхана және кондитерлік өнімдер өндіріліп, еліміздің барлық аймақтарына тасымалданады. Сонымен қатар, көршілес Қырғызстан Республикасына да экспортталады.

Кәсіпорын жоғары сапалы өнім өндіруге қауқарлы соңғы технологиялық құралдармен жабдықталған.

Халалдың маманы Чадаев Маратхан мекеменің өндіріс барысымен толықтай танысқаннан кейін, «ҚМДБ халал» стандарты бойынша өнім өндіру, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сату, тағамдық қызметтер, «Е тағамдық қоспалар», халал өнімдер технологиясы бойынша кәсіпорын қызметкерлеріне дәріс оқыды.

 «Трапеза» өнімдерін өндіруші «Сердичи» жеке кәсіпкерлігін сертификаттау жұмыстары алдағы уақытта жалғасатын болады.


Бөлісу: