Алматы қаласында жоспарлы тексерістер
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Халал Даму стандарттау және сертификаттау орталығы басшысы Айбек Асқарбекұлы, Алматы қаласы бойынша жауапты қызметкері Чадаев Маратхан, Бас маман Сафиев Данияр, технолог мамандар Кабыкенов Нұрбек пен Әселхан Сыдық Алматы қаласындағы «QMDB HALAL» сертификатына сәйкес өнім өндіруші кәсіпорындарда кезектен тыс бақылау шараларын жүргізуде.
Тексерістен өткен:
«Шах Distribution» ет өңдеу цехы
«Ajwa» кафесі
«Chunky» печеньелері
«Айран fresh» сүт өнімі
Magnum дүкендер желісі
Аудит барысында кәсіпорын қызметкерлеріне халал астың шариғаттағы орны, оның пайдасы, адал ас өнідіру барысындағы тазалық мәселелері жөнінде айтылды.
Аталмыш кәсіпорындар халал стандарттарына сай екенін мәлімдейміз. Халал Дамудың тексеріс жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.