АЛМАТЫ: «ASYQ ET» СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы қаласындағы «Asyq et» ет дүкені «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Ерлан Тайлақов табыстады.
«2016 жылдан бері халыққа адал қызмет көрсетіп келе жатқан кәсіпорын – бүгінгі таңда қаламыздағы сапалы, адал өнім ұсынатын ет дүкендерінің бірі. Ет дүкенінен жаңа сойылған қой, сиыр, жылқы еттерін, ұлттық сусындар мен сүт өнімдерін таба аласыздар. Мамандарымыз ет дүкенінде толыққанды аудит шараларын жүргізіп, кәсіпорын қызметкерлеріне халал турасында семинар өткізілді. Атқарылған шаралардың оң нәтижесінен кейін, «Asyq et» дүкеніне сертификат табыстау ұйғарылды», – дейді өкіліміз.
«Asyq et» дүкеніне берілген сертификат 21.11.2023-20.11.2024 мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Ет дүкенінің мекен-жайы: М.Әуезов ауданы, Достық ы/а., Яссауи көшесі, 63.