
АЛМАТЫ: АУДИТ ЖАЛҒАСУДА
«Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты мамандары Әселхан Сәбитқызы мен Жансая Шалқарқызы «Qulpinay bakery», «Aqpatsha», «Asatu» кондитерлік цехтары мен «Altyn Dam» жартылай фабрикаттар дайындаушы кәсіпорында кезекті айлық аудит жүргізді.
Аудит барысында шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, өндірістік процестердің дұрыстығы, санитарлық-гигиеналық жағдайлар және қызметкерлердің халал стандарттарын қатаң ұстануы жан-жақты тексерілді. Сонымен қатар, өнім құрамында тыйым салынған қоспалардың болмауы мен технологиялық жабдықтардың тазалығы да басты назарға алынды.
Тексеру нәтижесінде кәсіпорындардың халал стандарттарының талаптарына сай жұмыс істеп жатқандығы анықталды. Дегенмен, мамандар өндіріс орындарына бірқатар ұсыныстарын айтып, сапаны одан әрі арттыруға бағытталған нұсқаулықтармен бөлісті.