Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 сәуір 2022

79

Жаңалықтар

Алматы: Ауызашар мәзірі тексерілді

«Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Маратхан Мұхтарханұлы, технолог Әселхан Сыдық және 8 ауданға жауапты мамандар Рамазан айы қарсаңында қала мешіттерінде ұйымдастырылатын ауызашар мәзірлеріне қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізді. 

«Қазіргі таңда Алматы қаласы бойынша 47 мешітте ауызашар ұйымдастырылуда. Сондықтан да, қоғамдық тамақтану орындарының ғана емес, мешіт асханаларының да халал стандарты талаптарына сай қызмет көрсетуі маңызды. Осы орайда, Қасиетті айда ауызашар ұйымдастыратын қала мешіттерінде азық-түліктің, ас-судың халал стандартына талаптарына сәйкес болуы, мамандар тарапынан тексерілген өнімдердің қолданылып, ұсынылуы тексерілді. Санитарлық талаптардың орындалуы да жіті қадағаланды. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулықтар берілді», – деп хабарлайды Маратхан Мұхтарханұлы.

Бөлісу: