АЛМАТЫ: "ÇIÇEK-МАНГАЛ" РЕСТОРАНЫ СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ
Алматы қаласындағы ірі ресторандар желісінің бірі – "ÇIÇEK-МАНГАЛ" халал сертификатын жаңартты. "ÇIÇEK-МАНГАЛ", "HISAR YAPI", "ADAL COMPANY LTD" кәсіпкерлігіне тиесілі "ÇIÇEK-МАНГАЛ" ресторандар желісінің үш нүктесі "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай қайта сертификатталды. Сертификатты "Халал Дамудың" Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан табыстады.
"Қоғамдық тамақтану орындарын сертификаттау ұқыптылық пен тиянақтылықты қажет етеді. Себебі, шикізатынан бөлек, ас-суына дейін тексеруге тиіспіз. Түрік асханасына негізделген ас мәзірін дайындайтын "ÇIÇEK-МАНГАЛ" рестораны да технологтар мен бақылаушылар тарапынан толықтай тексерілді. Ресторанның өндіріс аумағы, дайын тағамдары, санитарлық тазалығы өте жоғары деңгейде", – деген Маратхан Чадаев "ÇIÇEK-МАНГАЛ" рестораны қызметіне көңілі толатынын жеткізді.
Түрік асханасының түрлі ас мәзірін ұсынатын "ÇIÇEK-МАНГАЛ" ресторанының қонағы болыңыз. Отбасыңыз бен қонақтарыңызды дәмді әрі халал тағаммен қуантыңыз!