Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 қыркүйек 2021

257

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: "DAYIN FOOD" ТАҒАМДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» мамандарының қатысуымен Алматы қаласындағы «Daiyn food» дайын тағамдарды жеткізу асханасына аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті инспектор-контролер Маратхан Чадаев орындады.

"Өркениеттің дамуы мен техногендік үдерістің өзі адам асқазанының қалауына қарсы тұра алмайды. Қазақ мұндайда «аш қарын жұбана ма, майлы ас жемей...» дейді. Алайда асқазанға түскен астың адал, арамдығын да назардан тыс қалдырмай, халал стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындардың өнімін тұтынған абзал. Себебі, "QMDB Halal" сертификатына ие болған тамақтану орындары ай сайын кезекті және кезектен тыс бақылаудан өткізіліп тұрады. Бүгінгі тексеріс барысында «Daiyn food» дайын тағамдарды жеткізу асханасының өндірісі мен қызметі, дайын өнімдері қадағаланды. Аудит кезінде «Тамақтандыру қызметтері» және «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Бақылаушы мамандар тарапынан ешқандай ескерту жасалынбады", – деген Айбек Асқарбекұлы тексерістің оң нәтиже көрсеткендігін мәлімдеді.


Бөлісу: