Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

25 қыркүйек 2021

1121

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: "GIPPO" СЕРТИФИКАТ ЖАҢАРТТЫ

«Begemot Almaty» кәсіпорнына тиесілі «Gippo» фаст-фуд өнімдері сертификат жаңартты. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. Мамандарының Алматы қаласындағы іс сапары барысында «Gippo» фаст-фуд өнімдерінің өндірілуінен бастап өндірістің барлық кезеңі қадағаланып, ревизорлық бақылау шаралары жүргізілді. 

"2009 жылы Қазақстан нарығында "Begemot" атауымен ашылған жылдам тамақтану орны қысқа мерзім аралығында үздік нәтежиелер көрсетті. Дәмді әрі қолжетімді тағам мен үздік сервистік қызмет тұтынушылар көңілінен шығып, "Begemot" атауы "Gippo" сауда белгісіне өзгереді.  HIPO (High Potential-жоғары потеницал) мағынасына негізделген "Gippo" өнімдері бекітілген халал стандартын сақтау, орындау, қадағалау тұрғысынан да мамандар тарапынан жоғары бағалануда. "Begemot Almaty" кәсіпорнының "Gippo" фаст-фуд өнімдері "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптарына" сай сертификатталды", – деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.


Бөлісу: