Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 ақпан 2024

115

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: «ХАЛАЛ – БЕЛГІЛІ, ХАРАМ – БІЛГІЛІ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

«Халал Дамудың» Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен халал тақырыбындағы семинарлар жалғасуда. Бүгін мешіт жамағаты мен кәсіпкерлерге «Халал – белгілі, харам – белгілі» семинары өткізілді. Семинарда халалдың жергілікті өкілі Ерлан Тайлақов пен технолог Мейіржан Тілектес дәріс оқыды.

Семинар барысында шариғатқа сай халал мен харамды ажырату мәселелері, кәсіпорындарда аудиттің жүргізілуі, зертханалық тексерістің орындалуы, тағамдық қоспалар халалдығының маңызы секілді өзекті мәселелер қозғалды. Мамандар қатысушылар сауалдарына жауап беріп, шариғат талабы – халал тақырыбын кеңінен түсіндірді.

Бөлісу: