АЛМАТЫ ОБЛ.: "KAZFRESHMEAT" ҚАСАПХАНАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
"Халал Даму" мамандарының Алматы қаласындағы іс-сапары барысында өңірдегі қасапханалардың бірі – "KAZFRESHMEAT" тексерістен өткізілді. Ревизиялық бақылауды "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев, Алматы облысы бойынша "Халал Дамудың" жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбіл жүргізді.
"Малдың семіздігіне ғана емес, адал жолмен бауыздалуына да ерекше көңіл бөлген жөн. Адам баласының қажетіне жаратылған төрт-түлік шариғат жолымен сойылмайынша, еті адал және таза болмайды. Абдулла ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте бауыздамай жеуге рұқсат етілген ет жөнінде: «Бізге екі өлексе ғана адал етілген, олар: балық пен шегіртке», - деп айтылған. Бүгінгі тексеріс барысында "KAZFRESHMEAT" қасапханасына мал бауыздау және ет өнімдерін өңдеу, өндіру, сақтау және тасымалдау обьектілерін күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын стандарт талаптары бойынша бірқатар ескертулер жасалынды", – деген Айбек Асқарбекұлы алдағы уақытта ескертулер бойынша қайта бақылау-қадағалау шаралары орындалатындығын жеткізді.