Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 қыркүйек 2021

81

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: КОНДИТЕРЛІК ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Алматы қаласындағы кезектен тыс ревизорлық бақылау-қадағалау барысында  өңірдегі "QMDB Halal" стандарты бойынша сертификатталған "Happy Cake" және "Qulpinay Bakery" кондитерлік өндіріс орындары тексерілді. Аудит шараларын "Халал Дамудың" бас сарапшы технологы Айжан Омарова мен технолог Айзат Сатаева орындады.

"Табиғилық пен адалдыққа негізделген "Happy cake" және "Qulpinay Bakery" кондитерлік өнімдері өзіндік тәтті дәмі, жоғары сапа көрсеткіші, айрықша дайындау технологиясымен ерекшеленеді. Аудит кезінде өндіріс орындарында бекітілген стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Барлық шикізат пен өнімдер, тағамдық қоспалары, өндіріс аймағындағы санитарлық тазалық бекітілген талаптарға толықтай сай. «QMDB Halal» стандартын бұзу жағдайлары анықталмады. Қала тұрғындары мен қонақтарына дәмді, экологиялық таза, ең бастысы "QMDB Halal" кондитерлік өнімдерді ұсына алатынымызға аса қуаныштымыз", – дейді Айжан Қалмаханқызы.


Бөлісу: