АЛМАТЫ: КӘСІПКЕРЛЕРГЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
«Халал Дамудың» Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен жергілікті кәсіпкерлерге арналған семинар өткізілді. Семинарға қоғамдық тамақтану орындары, фаст-фуд дәмханалары, кондитерлік цех қызметкерлері мен жартылай фабрикат дайындаушы кәсіпорындар қатысты.
Семинар барысында халал өнім өндіру технологиясы, шариғатқа сай халал мен харамды ажырату мәселелері, кәсіпорындарда аудиттің жүргізілуі, зертханалық тексерістің орындалуы, тағамдық қоспалар халалдығының маңызы секілді өзекті мәселелер қозғалды.
Семинарды ұйымдастырған «Халал Даму» өкілі Ерлан Тайлақов пен технолог Әселхан Сыдық қатысушылар сауалдарына жауап беріп, шариғат талабы – халал тақырыбын кеңінен түсіндірді.