Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 қараша 2024

200

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: КӘСІПОРЫНДАРҒА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ

Алматы қаласындағы «The Doner на углях» фаст-фуд дәмханасы, «Shukr by Coffee original» қоғамдық тамақтану орны, «Assia food» кәсіпорындары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Дамудың» Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Ерлан Тайлақов табыстады.

Сертификаттау рәсімінде Ерлан Тайлақов кәсіпорындардың халал стандартын сақтауы мен сапа талаптарына сай жұмыс істейтінін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, «QMDB Halal» сертификатының кәсіпорындар үшін маңызды қадам екенін жеткізіп, отандық халал индустриясын дамытуға қосқан үлестеріне алғысын білдірді.

Кәсіпорындар өз тарапынан бекітілген халал стандарты талаптарын сақтап, қатаң бақылау мен сапаны қамтамасыз ету бағытында жұмысты жалғастыратынын және тұтынушыларға ең жақсы қызмет көрсетуге ұмтылатынын айтты. Әрбір кәсіпорын үшін бұл сертификат – халал өнімдер нарығында өзіндік орын алу, тұтынушыларға адал қызмет көрсету және халық арасында сенімділікті қалыптастырудың маңызды белгісі екендігін жеткізді.

Бөлісу: