Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 ақпан 2025

141

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: КӘСІПОРЫНДАРДА КЕЗЕКТІ АУДИТ

Алматы қаласындағы кәсіпорындарда кезекті айлық аудит жүргізілуде. Атап айтқанда, «Sorpaline», «Shecker», «Kausar», «Okadzaki» кәсіорындары тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологтары Ардақ Талғатқызы, Әселхан Сәбитқызы, Жансая Шалқарқызы орындады.

Аудит барысында кәсіпорындардың өндірістік процестері жан-жақты тексеріліп, шикізаттың халал талаптарына сәйкестігі, сақтау және тасымалдау шарттары, өндірістік жабдықтардың тазалығы мен залалсыздандырылуы, сондай-ақ қызметкерлердің технологиялық тәртіпті сақтауы қадағаланды.

Сонымен қатар, кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының маңыздылығы түсіндіріліп, өндірістік процестерде қандай талаптарға ерекше мән беру керектігі жөнінде кеңестер берілді.

Тексеру нәтижесінде өндіріс орындарының халал стандарттарына сәйкестігі бойынша тиісті бағалау жүргізіліп, қорытынды шығарылды. Аудит жоспарға сәйкес жалғасатын болады.

Бөлісу: