
АЛМАТЫ: МЕШІТ АСХАНАЛАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Алматы қалалық мешіттерінде ауызашар дастарханына ұсынылатын тағамдар мен азық-түліктердің халал талаптарына сәйкестігі тексерілді. Бұл тексерулер Рамазан айында ауызашар кезінде мұсылман қауымының тұтынатын өнімдерінің сапасы мен дін талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» технологтары Әселхан Сыдық пен Жансая Шалқарқызы орындады.
Тексеру барысында азық-түлік өнімдерінің құрамында қолданылатын ингредиенттер, олардың дайындалу тәсілдері мен сақталу шарттары мұқият қадағаланды. Әселхан Сыдық пен Жансая Шалқарқызы, өзінің біліктілігі мен тәжірибесіне сүйене отырып, барлық өнімдердің халал стандарттарына сәйкес екендігін растады. Сонымен қатар, осы шаралар арқылы мешіттерде ұсынылатын тағамдардың дін талаптарына толық сәйкес екендігіне көз жеткізілді. Мұндай бақылау шаралары Алматы қаласының мешіттерінде ауызашар өткізу мәдениетін әрі қарай дамытуға, сонымен қатар халық арасында халал өнімдерге деген сенімділік пен сұранысты нығайтуға мүмкіндік береді.