Алматы: «My Pizza» фаст-фуд өнімдері сертификатталды
Алматы қаласындағы «My Pizza» фаст-фуд өнімдері «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Технолог мамандардың зертханалық және аудиторлық тексерістерінің оң қорытындысынан кейін, «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Маратхан Мұхтарханұлы «My Pizza» фаст-фуд өнімдеріне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
Сонымен қатар, дәмхана қызметкерлері мен басшылығына халал турасында оқу-семинары ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «My Pizza» фаст-фуд өнімдеріне берілген «QMDB Halal» сертификаты 27.04.2022-26.04.2023 мерзімі аралығында жарамды. Дәмхана мекен-жайы: Алматы қ., Биокомбинатская, 9.