Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

30 тамыз 2023

267

Жаңалықтар

Алматы обл.: 10 мешіт асханасы сертификатталуда

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты 10 мешіт асханасы халал сертификаттаудан өтуге өтініш білдірді.

"Халал Дамудың" өңірлік өкілі Жанәбіл Жұмабековтың жергілікті мешіттерде жүргізген үгіт-насихаты нәтижесінде мешіт асханалары сертификатталатын болады. 

"Халал ол - құлшылық. Құлшылықтың бастауы - адал ас тұтыну. Сондықтан, халық ас беретін асханаларды халал стандартына сәйкестендіру аса маңызды. Осы мақсатта жергілікті имамдар мен жамағатқа халал турасында тұрақты түрде оқу-семинарлар өткізудеміз", - деп хабарлайды өңірлік өкіліміз.

Бөлісу: