АЛМАТЫ ОБЛ.: 35 МЕШІТ АСХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы облысындағы 35 мешіт асханасы «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сертификатты облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлы табыстады.
«Шариғаттың талабы, халалдың бастауы – мешіт асханалары болуы тиіс. Себебі, дін қызметкері ретінде халал стандарттау және сертификаттау шараларын өзіміздің басқаруымыздағы асханалардан бастауға тиіспіз. Осы орайда, Алматы облысы көштің басын бастап келе жатыр. Қазіргі таңда өңірдегі мешіт асханаларының біраз бөлігі халал талаптарына сай сертификатталды. Алдағы уақытта облыстағы мешіт асханалары түгелдей халал сертификатын алады деп жоспарлаудамыз», – дейді Мадияр Тағайбайұлы.