Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 қаңтар 2021

52

Жаңалықтар

Алматы обл.: "Ас адамның арқауы" семинары өтті

**«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабек Жанәбіл өңірдегі мешіттерде жергілікті жамағат пен имамдарға «Ас адамның арқауы» тақырыбында кезекті оқу-семинарын өткізді.** Алматы аймағы «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталған ең көп кәсіпорын шоғырланған аймақ. Бұл жергілікті өкіл тарапынан жүргізілген насихат, оқу-ағарту жұмыстарының нәтижесі мен халық сұранысы көптігінің көрінісі. Семинар барысында шариғатымыздағы «Халал және харам» тақырыбына кеңінен тарқатып, халал өнім өндіру технологиясының ерекешеліктері, «Е тағамдық қоспалар», қоспалардың рұқсат етілуі мен тиым салыну себептері, сертификаттау және стандарттау, аудит процесстерінің жүргізілуіне тоқталып өтті. Оқу-семинар соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Халал – бұл жәй ғана таңба емес, халал – өмір сүру әдеті. Халал – имандылық пен ізгіліктің, құлшылықтың бастауы. Алла ішкен-жегенімізге мән беріп, пайдалы білім алуды және білімімізге амал етуді нәсіп етсін», – деді жергілікті өкіл Жұмабеков Жанәбіл. ![WhatsApp Image 2021-01-27 at 15.18.33.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/601/13f/006/60113f0068d88147629251.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-27 at 15.18.36.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/601/13f/0f9/60113f0f9cae6289296425.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-27 at 15.18.38.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/601/13f/281/60113f281cf54215799851.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-26 at 21.32.30.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/601/13f/3e7/60113f3e78e70057690812.jpeg)

Бөлісу: