Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 қазан 2025

137

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: «AISER» ҚҰС ФАБРИКАСЫНДА АУДИТ

Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы «Aiser» құс фабрикасында айлық аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» технологы Нұрбек Қанатұлы мен Жанәбіл Жұмабеков орындады.

Тексеру барысында өндірістегі санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, шариғатқа сай сою процесі және шикізаттың жеткізілу тізбегі қатаң бақылаудан өтті. Сондай-ақ қызметкерлерге халал стандарттарының маңызы түсіндіріліп, жұмыс барысында кездескен кейбір техникалық жайттарға әдістемелік кеңестер берілді.

Аудит нәтижесінде фабриканың өндірістік жүйесі жалпы талаптарға сай екені анықталды. Алдағы уақытта сапаны одан әрі жақсарту мақсатында ұсыныстар беріліп, тұрақты бақылаудың жалғасатыны айтылды.

Бөлісу: