Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 мамыр 2024

329

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: «АЛАША» ЕТ ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелен қаласында орналасқан «Алаша» ет дүкені «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Сонымен қатар, ет дүкенінің қасапшысына «Қасапшы куәлігі» табысталды.

Жергілікті маманымыз Жанәбіл Жұмабеков ет дүкенінде бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, қызметкерлерге шариғат және халал стандарты талаптарына сай мал сою және ет өңдеудің ерекшеліктері мен маңызын түсіндіріп, алдағы уақытта міндетті айлық тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұратынын жеткізді. Және жергілікті тұтынушылардың адал да таза ет тұтынуы үшін қызмет ететін кәсіпкерге алғысын білдірді.

Бөлісу: