Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 маусым 2021

79

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: «АЛАТАУ-ҚҰС» КӘСІПОРНЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Алматы облысындағы іс сапары барысында өңірдегі сертификатталған кәсіпорындарда кезекті бақылау-қадағалау шаралары жүргізілуде. Бүгінгі тексеріс «Алатау құс» фабрикасы мен шұжық цехында өтті. Бақылау-қадағалау шараларын орындауға жергілікті инспектор-контролер Жұмабеков Жанәбіл де қатысты.

"Алатау-құс" фабрикасында тексеріс шараларын жүргізген Айбек Асқарбекұлы: "2010 жылы өз жұмысын бастаған құс фабрикасы қазіргі таңда жылына 18 000 тонна құс еті және 360 000 тонна шұжық өнімін өндіреді. Кәсіпорын өндімдеріне сұраныс жыл санап артып, дайын өнім ауқымы да ұлғаюда. Өнімнің сапасы мен тазалығына, адалдығына әсер ететін факторлар өте көп. Нақтырақ айтқанда: құстың жем-азығынан бастап, баптап-өсірілуі, өндіріс құралдары мен технологиясы, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі, өндіріс аумағының санитарлық тазалығына тікелей байланысты. Бүгінгі ревизорлық бақылау барысында жоғарыда айтылған өндірістің барлық кезеңдері түгелдей тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларыннан кейін құс фабрикасы мен шұжық цехының қасапшылары, өзге де қызметкерлеріне "Халал өнім технологиясы және азық-түлік қауіпсіздігі" турасында оқу-семинар өткізілді", – деп, аудит қорытындысы бойынша стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмегендігін мәлімдеді.

Айта кетейік, "Алатау құс" фабрикасы 2021 жылы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының "Үздік халал кәсіпкер" алғыс хатымен марапатталған болатын. Ревизорлық бақылау шараларынан кейін Айбек Асқарбекұлы "Алатау-құс" кәсіпорны басшылығына осы марапатқа лайықты қызмет етудің маңыздылығы жөнінде айтты.

"Тұтынушылардың таза, сапалы өнімге және адал қызметке деген сұранысын қанағаттандыру үшін «Халал Дамудан» сертификаттаудан өттік. "QMDB HALAL" сертификаты барлық техникалық, ветеринарлық, санитарлық және басқа стандарттарды толықтай қамтитын, шариғат нормаларына сәйкестікті растаушы құжат. «Халал» сөзі өнімнің сапасы мен тазалығын, адалдығын білдіреді. Біз үшін де тұтынушылардың әрқашан тек адал азық-түлік тұтынуы өте маңызды", – деген кәсіпорын басшылығы халыққа адал қызмет етіп, адал өнім ұсынудың сауапты әрі жауапті іс екендігін жеткізді.




Бөлісу: