АЛМАТЫ ОБЛ.: «АЛАТАУ ҚҰС» ФАБРИКАСЫ МЕН ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Даму» технологы Нұрбек Қанатұлы мен халалдың Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Ахметбекұлы «Алатау құс» фабрикасы мен шұжық цехында аудит жұмыстарын жүргізді.
Аудит барысында өндіріс процесінің халал стандарттарына сәйкестігі, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы және өнім сапасы мұқият тексерілді. Тексеріс қорытындысы бойынша құстардың жемі, өсірілуі, бауыздалуы, сақталуы, тасымалдануы стандартқа толығымен сәйкес келетіндігі анықталды. Сонымен қатар, құс фабрикасы жұмысының барлық кезеңінде халал стандарт талаптары толығымен сақталғанына көз жеткізілді.