Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 мамыр 2021

220

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: "АЛЕЛЬ АГРО" ҚҰС ФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Алматы облысы бойынша «QMDB halal» сертификатын алған барлық кәсіпорындарда басшылықтың бақылауы, өңірлік жауапты өкілдер мен мамандардың тікелей қатысуымен кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Осы жолғы бақылау-қадағалау шарасы «Алель Агро» құс фабрикасында өтті.  Ревизорлық бақылау-қадағалау шараларын "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы, технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев  және Алматы облысы бойынша жауапты өкіл, инспектор-контролер Жұмабеков Жанәбіл орындады.

"Республикада өнеркәсіптік құс етін өндіру көлемі бойынша Алматы облысы алдыңғы орындардың бірінде.  Құс етін өндіретін отандық кәсіпорындар арасында көш бастап тұрған, шариғат және халал стандарт талаптарына сай қызмет көрсетіп, өнім өндіретін агроөнеркәсіптік кешендердің бірі – "Алель Агро". Кәсіпорын жыл сайын 51 мың тонна өнім өндіреді. «Алель Агро» компаниясының 6 құс фабрикасы, құрама жем зауыты, құс сою цехі, сұрыптау терминалы мен инкубаторы жұмыс істейді. 

Жабдықтардың бәрі Италиядан, Голландиядан, Германиядан және т.б. елдерден арнайы әкелінген. Ең заманауи жабдықтармен жабдықталып, өндіріс толықтай дерлік автоматтандырылған. Біз үшін бүкіл тиісті нормалардың, барлық стандарттар мен өндіріс кезеңдерінің сақталып, ретімен орындалуы аса маңызды ", – дейді айлық тексеріске қатысқан «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы.  "Алель Агро"құс фабрикасын бақылаушы инспектор-контролер Жұмабеков Жанәбіл ревизорлық тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін, сонымен қатар аудит шараларын орындап қана қоймай, қасапшылар мен құс фабриканың өзге де қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинар өткізілгендігін жеткізді.





Бөлісу: