Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 ақпан 2024

142

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: «АЛЕЛЬ АГРО» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР

Алматы облысының өкілі Жанәбіл Жұмабеков “Алель Агро” құс фабрикасының қызметкерлеріне халал жөнінде семинар өткізді.

“Халал-харам дегеніміз – Алла Тағаланың қасиетті Құранда бекітіп-белгілеген тиымдар мен рұқсат етілген амалдары. Шариғатты негізге ала отырып, ғалымдарымыз “халал стандартын” құрастырып бекітті. Бұның барлығы – адамзаттың адал ас тұтынуы және тыйымдардан сақтануы үшін жасалған. Елімізде діни басқармаға қарасты бірден-бір мекеме “Халал Даму” ұйымы бар. “QMDB Halal” сертификаты алу арқылы, сіздерден стандарттағы ережелер негізінде жұмыс жасауларыңыз талап етіледі. Атап айтқанда, құсты адал жем-азықпен қоректендіру, қолмен бауыздау т.б” – деген маманымыз кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарты мен шариғат талаптарын толық түсіндірді. Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап беріп, адал қызмет етуге шақырды.

Бөлісу: