
АЛМАТЫ ОБЛ.: ҚАСАПШЫЛАР МЕН ҚАСАПХАНА СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Алматы облысы, Бесағаш ауылына қарасты «Алтынбеков» қасапхасы мен қасапшылары «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Халалдың жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков қасапхана аумағында аудит жүргізіп, қасапшылар Ербол Сумбебаевич пен Руслан Мұсаханұлына қасапшы куәлігін, ал «Алтынбеков» қасапханасына халал сертификатын табыстады.
«Аудит барысында қасапханың қызметі мен қасапшылардың жұмыс үдерісі толықтай тексерілді. Қасапханадағы малды бауыздау шарттары, құрал-жабдықтардың тазалығы, өндіріс барысында қолданылатын өнімдер мен шикізаттардың шариғат талаптарына сәйкестігі мұқият назарға алынды. Сонымен қатар, қасапшылардың барлығы арнайы оқу курсынан өтіп, тиісті біліктілік куәлігін алды», – дейді жауапты маманымыз.