Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 мамыр 2025

74

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: ҚАСАПШЫЛАРҒА СЕМИНАР

Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кентінің «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінде қасапшыларға семинар өткізілді. Семинарда «Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жанәбіл Ахметбекұлы дәріс оқыды.

Семинар барысында қатысушыларға халал стандарттарының талаптары, мал бауыздаудың шариғатқа сай тәртібі, қасапшылық әдебі және қауіпсіздік ережелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, тәжірибелі мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, нақты мысалдар арқылы халал ет өндірісінің ерекшеліктерін талқылады.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Мұндай шаралар қасапшылардың кәсіби біліктілігін арттырып, халал талаптарына сай қызмет көрсетуіне ықпал етеді.

Бөлісу: