Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

30 мамыр 2024

374

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: ҚАСАПШЫЛАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Алматы облысы, Іле ауданы «Сәбенұлы Өтеген батыр» мешітінде қасапшыларға семинар өткізілді. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жұмабеков Жанәбілдің қатысуымен жергілікті қасапшыларға «Қасапшылық – жауапты һәм сауапты іс» тақырыбында дәріс оқылып, көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап берілді.

Дәріс шариғат талабына сай мал сою ережелері, халал сойылған еттің адам денсаулығына пайдасы мен бүгінгі күндегі халалға қатысты өзекті мәселелері төңірегінде өрбіді.

«Мал союдың өзіндік шариғи ережесі бар. Әрбір қасапшы осы талаптарға мұқият болуы керек. Мал сою ісіне асқан жауапкершілікпен қарау қажет», - деді өкіліміз.

Бөлісу: