Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 мамыр 2025

23

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: ҚАСАПШЫЛАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Қасық ауылдық округінде орналасқан «Первомайские деликатесы» қасапханасында жоспарлы түрде тексеріс жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» жергілікті маманы Жанәбіл Жұмабеков орындады. Тексеру барысында қасапхананың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі, өндіріс процесінің жүйелілігі және халал стандарттарының орындалу деңгейі жан-жақты қаралды.

Шара аясында қасапхана қызметкерлеріне халал талаптарына байланысты арнайы семинар өткізілді. Семинар барысында малды шариғатқа сай сою тәртібі, құрал-саймандардың тазалығы, қасапшының діни жауапкершілігі және жалпы халал индустриясының талаптары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға  жауап беріліп, тәжірибелік кеңестер ұсынылды.

Бөлісу: