Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

22 наурыз 2024

233

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: АУЫЗАШАР ДАСТАРХАНЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты барлық мешіттерде Рамазан айында жайылатын ауызашар дастарханындағы тағамдардың халалдығы тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын жергілікті өкіліміз Жанәбіл Жұмабеков орындады.

«ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық аумағында мешіттерде ұйымдастырылатын ауызашар және сәресі дастархандарының халал болуы міндеттелген болатын. Осы орайда, мешіттерде аудит шараларын орындап, ораза ұстаған жандарға халал ас ұсынылуын қадағалаудамыз», – дейді өкіліміз.

Бөлісу: