Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 қаңтар 2025

172

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: ИМАМДАРҒА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Алматы облысы, Қонаев қаласы, «Қапшағай» орталық мешітінде жергілікті имамдарға халал жөнінде оқу-семинар өткізді.

Оқу-семинар барысында қатысушыларға халал индустриясының негіздері, шариғи талаптары және «Халал Даму» қызметі, оның атқаратын міндеттері туралы жан-жақты мәлімет берілді. Айбек Асқарбекұлы мен Мадияр Тағайбайұлы имамдарға халал өнімдерін сертификаттау, кәсіпкерлермен жұмыс істеу және тұтынушыларға дұрыс ақпарат жеткізу мәселелеріне ерекше тоқталды.

Сондай-ақ, семинар барысында жергілікті имамдар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Қатысушыларға халал стандарттарының маңыздылығы, оларды сақтау жолдары және халал өнімдерге деген сұраныстың артуы туралы кеңінен түсіндірілді.

Бөлісу: