Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 қараша 2025

35

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРҒА СЕМИНАР

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «Түркістан» мешітінде ауданға қарасты әйел ұстаздарға халал туралы семинар өткізілді. Аудан имамы Дәренбек Жандосұлының ұйымдастыруымен өткен семинарда «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков пен технолог Әселхан Сыдық дәріс оқыды.  

Семинар барысында ұстаздарға халал мен харамның ара-жігі, шариғат талаптарына сай өнімдерді анықтау жолдары және халал стандарттарының маңызы туралы жан-жақты мәлімет берілді.  Сонымен қатар, қатысушыларға күнделікті тұрмыста кездесетін күмәнді тағамдар мен тұрмыстық өнімдерге қатысты мысалдар келтіріліп, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасу өтті.

Іс-шара соңында аудан имамы Дәренбек Жандосұлы «халал өмір салтын ұстану – әрбір мұсылманның жауапкершілігі» екенін атап өтіп, қатысушыларға алғысын білдірді.

Бөлісу: