Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 қараша 2025

8

Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БІРНЕШЕ КӘСІПОРЫН ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Дамудың» Түркістан облысы бойынша жауапты өкілі М.Құлымбетов және Сауран ауданының халалға жауапты маманы Н. Ақылбеков Түркістан қаласында орналасқан бірнеше тамақтану орындары мен сауда орталықтарына кезекті тексеру жүргізді.

Атап айтқанда, тексеру жұмыстары «Құлагер» ет өнімдері дүкенінде, «Магнум» супермаркет желілерінде және «Шымкентше дәм» донер орталықтарында жүргізілді. Тексеру барысында бірқатар орындардан кемшіліктер анықталып, кәсіпкерлерге ауызша ескертпелер берілді. Барлық анықталған олқылықтарды жоюға және талаптарды бекітілген мерзімде түзетуге уағдаласты.

«Тексеру жұмыстарының негізгі мақсаты – тағам өнімдерінің халал стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету, кәсіпорындардың санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауын қадағалау, және тұтынушылардың сенімділігін арттыру болып табылады», – дейді жергілікті өкіліміз.

Бөлісу: