Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 қараша 2025

12

Жаңалықтар

«АСТАНА ҚЫЗДАР МЕДРЕСЕСІНІҢ» ШӘКІРТТЕРІНЕ СЕМИНАР

Астана қыздар медресесінің шәкірттеріне «Адал ас – амандықтың белгісі» тақырыбында оқу-семинар өткізілді. Семинарда «Халал Даму» технологтары Айжан Қалмаханқызы мен Ардақ Талғатқызы дәріс оқып, халал тағамдардың ерекшеліктері, олардың денсаулыққа пайдасы және дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы түсіндірді.

«Шәкірттерге тағамның халал және харам түрлері, өндіру мен сақтау кезінде сақталуы қажет ережелер, сондай-ақ күнделікті азық-түлік алғанда дұрыс таңдау жасау жолдары туралы нақты мысалдармен жеткізілді. Семинар барысында шәкірттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қою арқылы тақырыпты жан-жақты талқылады. Мұндай іс-шаралар шәкірттердің денсаулыққа пайдалы, халал тағамдарды таңдауға дағдылануына, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруына септігін тигізеді. Алдағы уақытта да Астана қаласындағы медреселерде және білім мекемелерінде осындай оқу-семинарлар тұрақты түрде өткізіледі деп жоспарлануда», – дейді маманымыз.


Бөлісу: