АСТАНА: «ТУЛПАР ЭЛИТ» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Астана қаласындағы «Тулпар Элит» шұжық цехы «Халал өнімдерді өндіруге, өедеуге, сақтауға, тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
Сертификаттау кезеңінен алдын өндіріс цехында кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілді. Аудит барысында өндірістің барлық кезеңдері, шикізат пен дайын өнімдердің халал талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық жағдайы мұқият қаралды. Барлық талаптар орындалғаны расталып, кемшіліктер болмағаны анықталды.
Сондай-ақ, цех қызметкерлері мен басшыларына халал стандарттарын сақтау, өндіріс процесінде қателіктерді болдырмау және сапаны бақылау жайлы толық түсіндірілді. «Тулпар Элит» командасы өз өнімдерін халал талаптарына сай өндіруді әрі қарай да жалғастыратынын айтты.





