Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

30 мамыр 2025

77

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Батан ауылының «Батан» мешітінде әйелдер мен қыз-келіншектерге арналған «Адал ас – жан азығы» тақырыбында танымдық семинар өтті. Семинарда «Халал Даму» технологы, тәжірибелі маман Әселхан Сәбитқызы арнайы дәріс оқыды.

Кездесуде қатысушыларға адал азықтың адам денсаулығы мен руханиятына әсері, халал тағам тұтынудың шариғаттағы орны, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі кездесетін тағам өнімдерінің құрамын ажырату жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, халал стандарттарының негізгі талаптары, өнім этикеткасындағы жазуларды оқу, күмәнді тағамдардан сақтану жолдары секілді тақырыптар қамтылды.

Семинар барысында Әселхан Сәбитқызы халал мен харамның аражігін нақты мысалдармен түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты әрі шариғи тұрғыда жауап берді.


Шара соңында қатысушылар рухани азық алғандарын айтып, осындай пайдалы кездесулердің жиі өтуіне тілектестік білдірді.





Бөлісу: