Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

30 қыркүйек 2024

89

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: МЕШІТ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Алматы облысы, Іле ауданы, Төле би ауылы «Төле би» мешітінде имамдарға «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарды жергілікті өкіл Жанәбіл Ахметбекұлы өткізді. 

«Мешітте халал сертификаттау және стандарттау процессі, өнім мен өндіріс орындарын шариғат талабына сәйкестендірудің маңызы, халал жөнінде халыққа үгіт-насихат шараларын арттыру жөнінде семинарлар өткізу дәстүрге айналды. Өйткені, оның барша имамдарға берері мол. Сонымен қатар, осындай басқосу барысында олар бір-бірімен тәжірибе алмасып, халал жөніндегі білімдерін толықтыра түседі. Болашақта да осындай семинарларды ұйымдастыра бермекпіз, - дейді өкіл Жанәбіл Ахметбекұлы.

Бөлісу: