Алматы обл.: «Рауан Агро» қасапханасы тексерілді
«Халал Даму» мамандарының наурыз айындағы кезекті тексеріс жұмыстары Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында өз жалғасын тапты. «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті инспектор-контролер Жұмабеков Жанәбіл «Рауан Агро» қасапханасында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді.
Тексеріс барысында «QMDB Halal» талаптарының орындалуы мен сақталуы, малдардың жем-азығы, ауылшаруашылығы жануарларының шариғатқа сай бауыздалуы, қасапшылар мен өзге де жұмысшылардың мал етін өңдеу, сақтау, тасымалдау секілді процесстерде халал стандарт талаптарын қатаң сақтауы назарға алынды. Сонымен қатар, аудит соңында қасапхана қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинары өткізілді.
Қорытынды актіге сәйкес, тексеріс барысында «Рауан Агро» қасапханасында халал стандарты талаптарын бұзу немесе сақтамау жағдайлары анықталмады. «Рауан Агро» қасапханасын сертификаттау процессі әлі де аяқталмағандығын ескертеміз.