Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 қазан 2025

23

Жаңалықтар

АЛМАТЫ ОБЛ.: ҚҰС ФАБРИКА ҚАСАПШЫЛАРЫНА СЕМИНАР

Алматы облысы, Ұйғыр ауданының орталық мешітінде «Aiser» мен «Прима құс» құс фабрикаларының қасапшыларына «Шариғат талаптарына сай мал бауыздау және ет өңдеу» туралы семинар өткізілді. Семинарда «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Жанәбіл Жұмабеков дәріс оқыды.

Іс-шара барысында қасапшыларға бауыздау алдындағы дайындық кезеңі, жануарға мейіріммен қарау, пышақтың тазалығы мен өткірлігі, қанның толық ағуы сияқты маңызды ережелер егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ еттің сақталуы, тасымалдануы және өңделуі кезінде халал стандарттарының сақталу қажеттілігі ерекше атап өтілді.  Жанәбіл Жұмабеков әрбір кезеңге тоқталып, жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдарын түсіндірді. 

Семинар соңында қатысушылар алғыстарын білдіріп, алған білімдерін өндірістік тәжірибеде қолдануға ниетті екендерін жеткізді. 

Бөлісу: