Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 қыркүйек 2022

64

Жаңалықтар

Алматы обл.: Тамақтану орындары тексерілді

«Халал Дамудың» Алматы облысы бойынша жауапты өкілі Жұмабеков Жанәбіл өңірдегі бірқатар кәсіпорындар өндірі мен қызметін қадағалады. Атап айтқанда, Ұзынағаш ауылындағы «Vostocniy Dvor» дәмханасы мен Өтеген батыр ауылындағы «Maki Maki Gres» фаст-фуд өнімдері тексерілді.

«Кәсіпорындардағы шикізат пен тағамдық қоспалардың халалдығы, өндірістің бекітілген стандартқа сәйкестігі, санитарлық-тазалық мәселесі де назардан тыс қалмады. Аудит жоғары деңгейде өтті. Кәсіпорындардың халал стандарты талап-тәртіптерін сақтауы көңіл қуантарлық. Тексерістен кейін, «Vostocniy Dvor» дәмханасына «QMDB Halal» сертификаты табысталды» – деп хабарлайды Жанәбіл Жұмабеков.

Бөлісу: